Балабақшамызда жол қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары өткізілді. Шараға полиция капитаны Мергенбайұлы Есбол мен полиция аға лейтенанты Марат Ерболат қатысып, балалармен бірге жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Бүлдіршіндер көліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жолда жүру ережелері туралы парақшалар таратып, құқық қорғау қызметкерлерімен бірге құжат тексеру сәтіне де қатысты. Балалар үлкендердің жауапты ісіне араласып, өздерін батыл әрі маңызды рөлде сезінді. Осындай іс-шаралар кішкентайлардың санасына қауіпсіздік ережелерін тереңірек сіңіреді. Полиция капитаны Мергенбайұлы Есбол мен полиция аға лейтенанты Марат Ерболатқа уақыттарын бөліп, бүлдіршіндерімізге жол қауіпсіздігі жайлы түсіндіру жұмыстарына қатысқандары үшін Алан балабақшасының ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.
Бүгін 26.01.2024 жылы Ақшат елді мекенінде орналасқан мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасап отырған “ Алан” балабақшасы балалардың қауіпсіздігін бақылайтын ТОО “СОП Күзет - Мониторинг” күзет қызыметімен бірлесе отырып тәжірибе жасады. Дабыл түймесі басылған сәттен 11 минут аралығында қаладан ауылға күзет қызметінің өкілдері келіп болды. Балабақшамыздағы балалардың қауіпсіздігі балабақша әкімшілігінің басты назарында.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Бейнебақылау | ![]() |
| 2 | Күзет | ![]() |
| 3 | Өрт қауіпсіздігі | ![]() |
| 4 | Сертификат антитерролық қорғау | ![]() |
| 5 | Сертификат антитерролық қорғау ТОО | ![]() |







