Алан балабақшасында әкелер мен балалар арасында қызықты әрі тартысты футбол жарысы өтті!
Бұл шара отбасылық байланыстарды нығайтып, әкелердің белсенділігін арттыруға бағытталды.
Кішкентай ойыншылар әкелерімен бірге бір командада ойнап, өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Көңілді сәттер мен ыстық қолдауға толы бұл күн – баршамыз үшін ұмытылмас естелікке айналды!
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!


Балабақшамызда денсаулық пен бірлікті насихаттауға бағытталған “Толағай” отбасылық спорттық жарысы өтті. Жарысқа ата-аналар мен балдырғандар белсене қатысып, ұйымшылдық пен белсенділіктерін көрсетті.

Қызықты эстафеталар мен көңілді тапсырмалар балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, әсерлі естеліктермен тарқасты.

Мақсат — салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасы арасындағы байланыс пен сүйіспеншілікті арттыру!


Б. Момышұлы атындағы №62 орта мектепте ұйымдастырылған мектепке дейінгі дене шынықтыру нұсқаушылары арасындағы волейбол жарысында “Алан” балабақшасының атынан қатысқан Тұрарбек Жаншаұлы үздік ойын көрсетіп, II орын жеңіп алды! 
Жарайсыз! Жеңістеріңіз көп болсын!