Егемен еліміздің мәңгілік болып, қазақ елінің мәңгі жасауы және «қазақ» атауының ешқашан өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпақтың қолында. Ал болашақ ұрпақты талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде-бақша өмірінің рөлі зор.БАЛАБАҚША - МЕЙІРІМ АЙМАҒЫ! Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз! Сондай бақшалардың бірі – «Алан» балабақшасы!
«Алан» балабақшасы 2019 жылдың қыркүйек айының 4-ші жұлдызында өз есігін айқара ашты. Балабақша ғимараты 100 балаға арналған. Жас ерекшеліктеріне байланысты 4 қазақ тобы бекітілген.Ішінде заманауи жиһаздар, балаларға арналған ойын алаңдары, ойын залдары, асхана, емшара бөлмесі, медицина бөлмесі, музыка бөлмесі,психолог, логопед бөлмелері заман талабына сай орын алған.






