Астана күні құтты болсын!
Еліміздің айбыны, елдігіміздің нышаны – Елордамызға 27 жыл толып отыр!
Астана – тәуелсіздіктің тұмары, бар қазақтың жүрегі!
Күннен күнге көркейіп, биік белестерді бағындырып келе жатқан бас қаламыз әрдайым гүлдене берсін!
Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз тыныш, Астанамыз мәңгілік болсын!


Жазғы сауықтыру шарасы аясында балабақшамызда бүлдіршіндеріміздің қатысуымен ерекше көңілді «Самокаттар шеруі» ұйымдастырылды!

Балалар өз самокаттарын түрлі түстермен, шарлармен, ленталармен безендіріп, шығармашылықтарын көрсетті. Әсем безендірілген самокаттармен сап түзеп жүріп өткен бүлдіршіндер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!

Шараға белсенді қатысқан ата-аналар мен балаларға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Біздің балабақшада әр күн жарқын сәттерге толы!


Бүгін біздің балабақшаның балалары табиғат аясында серуенге шыққан болатын. Жаздың шуақты күні кенеттен бұлттанып, жаңбыр жауып, ерекше бір қызықты сәтке айналды. Балалар қуанып, жаңбырды тамашалап үлгерді. Алайда қауіпсіздік мақсатында бүлдіршіндеріміз дереу балабақшаға қайтарылды.


Жазғы сауықтыру жұмыстары аясында балабақшамызда ерекше көңілді күн болды!
Балалар түрлі түсті, қиялға толы көбелек бейнесінде сән көрсетіп, шеру жасады.
Қанаттарын жайған кішкентай көбелектеріміз алаңды гүлдендіріп жібергендей әсер қалдырды.

Әр баланың киімінде – ата-ананың шеберлігі, баланың арманы мен қиялы тоғысты.
Көңілді әуен, көтеріңкі көңіл-күй мен шаттыққа толы жүздер – осы күннің басты көрінісі болды.

Барша ата-аналарға белсенділік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!


Әр баланың киімінде – ата-ананың шеберлігі, баланың арманы мен қиялы тоғысты. Көңілді әуен, көтеріңкі көңіл-күй мен шаттыққа толы жүздер – осы күннің басты көрінісі болды. Барша ата-аналарға белсенділік пен қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Жасай берші Рәміздер,
Әр қазақтың төрінде.
Шырқала бер Әнұран,
Бүкіл әлем көгінде.

Жадырайды жанымыз,
Өзің барда Елтаңбам.
Желбіресе көк байрақ,
Шаттанамын, қуанам.

Қазақтығым жойылмас,
Әнұраным сен барда.
Рәміздер сен жасай бер,
Жалғап таңы таңдарға...


"жаз самал желмен дем алып жатыр,біз серуендеуге барамыз!" Кішкентай туристер күні