ҚАНЖЫҒАМЫЗ МАЙЛАНДЫ!!! ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚҚА КЕНЕЛДІК.ҰЖЫМНЫҢ ЕРЕҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАП, АЛҒЫСЫН БІЛДІРІП ЖАТЫРҒАН БАСШЫЛАРЫМЫЗ "АЛАН" БАЛАБАҚШАСЫН АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАДЫ. «АДАМ БАЛАСЫ АДАМ БАЛАСЫНАН АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, АР, МІНЕЗ ДЕГЕН НӘРСЕЛЕРМЕН ОЗАДЫ» - деп, Абай Құнанбайұлының жыр шумағы еріксіз есіңе түскендей. Көшбасшымыз үлкен кіші демей барлығына сіз деп елжіреп тұруы барлығының қамын ойлап, қолынан келгенше көмектесуі адами қасиетінің жоғары, ұлы тұлға екенін айқындап тұрғандай. Білім деген өнер теңізінде қырандай қалықтап ұшу, кемедей жүзу жолында көрсетер қыруар қаржы еңбектерін айтпай аттап өту мүмкін емес.Ерең еңбегін тек осы жолға арнап жұмыс жасауда. «Әр қаракөз менің басты байлығым, жетістікке жетуі мақсатым. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген ұстанымдағы көшбасшымыз барлық жағдайды жасап, тыныш да жайлы, қолайлы жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр. Адамның басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап. Жолушысы – ой. Жолдасы – кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез. Сынаушысы – халық деп ата - бабамыз бекер жырламаса керек. Адам бос сөзбен ханның сарайын салып, жеке мемлекет орнатып тастайды. Ал ісіңді дәлелдеу үшін көп жылдар мен төккен маңдай терлеріңізбен қажымас қайрат, күш - жігерлеріңіздің арқасында көптеген нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Балаңызға жақсы тәрбие, сапалы да саналы жақсы оқу жайынан білім бергіңіз келсе, таңдауыңыз тек "АЛАН" балабақшасы болсын!!!