«2024-2025 оқу жылындағы мектепке дейінгі тәрбие жұмысының қорытындысы» атты қорытынды педагогикалық кеңес өтіп онда педагогикалық ұжымның оқу жылындағы жұмысының қорытындысы шығарылды. «Бізде мақтанатын нәрсе бар, бізде ұмтылатын нәрсе бар» - бұл сөздер біздің қорытынды педагогтар кеңесінің ұранына айналды. Биылғы оқу жылында көптеген қызықты да мазмұнды іс-шаралар өтті. Жоспарлар мен идеялар, жылдық тапсырмалар толығымен орындалды. Педагогтар оқу жылындағы басым бағыттарды жүзеге асырудағы мектепке дейінгі мекемелердің қызметін саралап, барлық жас топтарындағы тәрбие жұмысының кейбір мәселелеріне тоқталып, алдағы оқу жылындағы негізгі бағыттарды белгілеп, жазғы сауықтыру кезеңіне арналған жұмыс жоспарын бекітті.