Мен ,,Алан-хан" бөбекжай балалар бақшасының музыка жетекшісі Мұстафа Тұрарбек Жаншаұлы. 1990-1993 жж Ақтөбе мәдени ағарту училищесін ,,Әуесқой оркестр жетекшісі" мамандығы бойынша бітіріп диплом алдым. 2001-2004 жж Қ.Жұбанов атындағы ,,Ақтөбе Мемлекеттік Университетін" жоғары білімді музыка жетекшісі мамандығы бойынша бітіріп диплом алдым. Менің алға қойған мақсатым : Балаларды ұлттық музыка аспаптарымен таныстыра отырып жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Жалпы орта мектепте 9 жыл музыка мұғалімі болып жұмыс жасадым. Мектепке дейінгі мекемеде 5 жыл музыка жетекшісі болып жұмыс жасадым. Қазіргі уақытта ,,Алан-хан" бөбекжай балалар бақшасында музыка жетекшісі болып жұмыс жасағаныма 1 жыл болды. Осы уақыт ішінде ,,Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен,,Көктем шуағы" атта қалалық балалар байқауында вокал жанры бойынша шәкірт дайындағаны үшін Дипломмен марапатталдым. 2022 ж. 2022 жылы ,, Өрлеу " Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ,,Педагогтің өзін-өзі дамыту мен жеке тиімділігі білім беру талаптарына кәсіби дайын болу шарты ретінде (республикалық деңгей) куәлігін алдым. 2022 ж қыркүйек айында Қазақстан Республикасы,,Жеті Өнер" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Аспапта орындаушылық өнері" номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталдым.