Бүгін балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндері тыл ардагері Қуанышева Лида әжемізді Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы үйіне барды. Балаларымыз өз қолдарымен жасаған ашық хаттар мен гүл шоқтарын тарту етіп, әжемізге шын жүректен алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, естелік сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды.