Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай балабақшамыздың бүлдіршіндері батырлар ерлігін ұмытпай, тыл ардагері Дарбаева Болсары әжемізді құттықтап, арнайы шаңырағына барып қайтты. Әжемізге гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталып, балақайлар жүрек жарды тілектерін арнады. Жеңіс туралы жылы естеліктер айтылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытылды. Балақайларға 90 жастағы әжеміз жүректен шыққан ақ батасын берді.