Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай балабақшамызда ерекше тағылымды кездесу өтті. 
Қонағымыз – Ауған соғысының ардагері, ел ағасы Қожахметов Серік атамыз! 

Бүлдіршіндерімізге бейбіт өмірдің бағасын түсіндіріп, Отанға деген сүйіспеншілік пен батырлық жайлы әсерлі әңгіме айтты. 

Балалар ардагер атамызға өлең оқып, алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін арнады.
Бұл кездесу жас ұрпақтың жүрегінде патриоттық рухты қалыптастыруға үлкен сеп болды.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!